24.12.2008, 15:47 2822

ҚР ҰҚК үстіміздегі жылы шетелдік арнаулы органдардың 12 кадрлық қызметкерлері мен агенттерін анықтады

ҚР ҰҚК үстіміздегі жылы шетелдік арнаулы органдардың 12 кадрлық қызметкерлері мен агенттерін анықтады

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ҰҚК үстіміздегі жылы шетелдік арнаулы органдардың 12 кадрлық қызметкерлері мен агенттерін анықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының осы жылғы жедел-қызметтік жұмысының нәтижелері және 2009 жылдағы басты міндеттері туралы кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті.

"Қарсы барлау шараларының нәтижесінде үстіміздегі жылы шетелдік арнаулы органдардың 12 кадрлық қызметкерлері мен агенттері анықталды, шетелдік барлауға жұмыс істеген 5 агент әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды",- делінген хабарламада.

Мекеменің хабарлауынша, мемлекеттік құпияларды сақтаудың қажетті деңгейі қамтамасыз етілді. Үстіміздегі жылы мемлекеттік құпияларды қорғау бағытындағы нормативтік актілердің талаптарын бұзған 3000-нан астам деректер анықталды. Шетелдік арнаулы органдардың біздің азаматтарды қатыстыру арқылы құпия мәліметтерді алмақ болған 4 оқиғасының жолы кесілді (ҚР ҚК 165 бабы, "мемлекеттік сатқындық", бойынша ҚР 4 азаматы сотталды). 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 191 адамға тәртіптік шара қолданылды. Иртүрлі негіздер бойынша құпия материалдарға берілген 125 рұқсатнама қайтарылып алынды, ҚР 34 мемлекеттік құпиясына рұқсат етілмеді (әртүрлі негіздер дегеніміз "Мемлекеттік құпиялар туралы" заңның нормалары болып табылады: азаматтың сотталғандығы, өмірбаян деректерін әдейі жасыру, денсаулық жағдайы, шетелдің азаматтығын алуға ұсыныс беру, және басқалар).

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау аясында және қорғалатын қызметтік ақпараттың таратылуын болдырмау мақсатында коммерциялық құрылымдар мен жеке тұлғалар өз мүдделері үшін заңсыз қолданған 300-ден астам арнаулы техникалық құрылғылар анықталып, алынды. 2008 жылы техникалық құрылғыларды заңсыз қолдану, енгізу және сату деректері бойынша 33 қылмыстық және 5 әкімшілік іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны