01.06.2009, 18:41 2782

ҚР ҰҚК Жәкішевке қатысты қылмыстық істі тексеруде саяси астар жатқанын жоққа шығарады

ҚР ҰҚК Жәкішевке қатысты қылмыстық істі тексеруде саяси астар жатқанын жоққа шығарады

Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін"- ҚР ҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке қатысты қылмыстық істі тексеруде саяси астар жатқанын жоққа шығарады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Кенжеболат Бекназаров бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"ҰҚК аталған қылмыстық істі қозғауда қандайбір саяси астар болғанын үзілді-кесілді жоққа шығарады. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қызметтен босатылуы мен одан кейін тұтқындалуы оның Рахат Илиевпен және Мұхтар Аблязовпен бұрынғы байланысы үшін қудалауға жататындығы және саяси тапсырыс екендігі туралы БАҚ-тар таратқан тұжырымдардың ешқандай негізі жоқ. Сондай-ақ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ын сату жөнінде де әңгіме болуы мүмкін емес", -деп мәлімдеді К. Бекназаров.

"Жекелеген БАҚтардың осы қылмыстық істің төңірегінде көтеріп отырған ақпараттық науқаны шынтуайтына келгенде ешқандай негізсіз. Бірақ, соған қарамастан, жекелеген тұлғалар Жәкішевті "ақтап алуға" және сол арқылы өздері қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып кетуге талпыныс жасауда", - деді ол.

Оның айтуынша, "осы қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары қатаң Конституция және заң аясында жүргізілуде, еліміздің прокуратура тиісінше қадағалап отыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны