07.09.2006, 16:13 3013

ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері Алматы әкімшілігінің қызметкерін пара алғаны үшін ұстады

АСТАНА. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚКД тергеу басқармасының қызметкерлері Алматы қалалық әкімшілігінің жолаушы тасымалы және автокөлік жолдары департаментінің қоғамдық көліктердің бағытын айқындау бөлімі бастығының үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

ҰҚК-нің түсініктемесіне сәйкес, шенеунік бір жеке меншік автокәсіпорынның директорынан маршрут схемасын ұзарту және қаладағы басқа да бағыттарға қызмет көрсетуге құқық алу мүмкіндігі үшін пара талап еткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны