08.08.2006, 15:58 2949

ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері Павлодар облысында мемлекеттік құпияны сақтау жүйесіндегі ақауларды әшкереледі

АСТАНА. 8-тамыз. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚК Павлодар облыстық департаментінің қызметкерлері мемлекеттік құпияны сақтау жүйесіндегі ақауларды әшкереледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, KEGOC-тың "Солтүстік жүйеаралық электр желілері" АҚ аясындағы құпиялық режимі мен құпия іс жүргізу барысын ресми тексеру барысында мемлекеттік құпияны қорғау іс-қызметін реттейтін құқықтық-нормативтік актілердің талаптарын бұзу оқиғалары әшкереленді.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынның директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны