22.09.2006, 18:20 2804

ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері жыл басынан бері түрлі заң бұзушылықтары үшін 119 шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері жыл басынан бері түрлі заң бұзушылықтары үшін 119 шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚР ҰҚК-нің кеңейтілген құрамдағы алқа мәжілісі барысында мәлім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алқа мәжілісі барысында ҚР ҰҚК-нің төрағасы Амангелді Шабарбаев ұлттық қауіпсіздік органдарының қатары таза болуға тиіс екендігіне баса назар аударды. Ол ішкі қауіпсіздік басқармасына осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуге тапсырма берді.

Қазіргі жағдаймен ҚР ҰҚК ішкі қауіпсіздік басқармасы ҰҚК Шекара қызметінің әскерилері арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 19 дерекке тосқауыл қойып, 32 адамды тәртіптік жауапкершілікке тартып, 18 әскери қызметкерді қызметтен босатты. Бірқатар деректерге қатысты қылмыстық істер қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны