18.06.2014, 21:31 3089

ҚР ҰКП мен "Самұрық-Қазына" әріптестік туралы келісім шарт жасасты

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен "Самұрық-Қазына" ҰИҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Астанада ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен "Самұрық-Қазына" ҰИҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

"Осы келісімнің арқасында "Самұрық-Қазына" Қорының сатып алулар жүйесі отандық компаниялар-өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге қолжетімдірек болады. Меніңше бизнесті қаржыландыру айқындық, ашықтық пен саналылық қағидалары бойынша жүргізілуі керек. Комиссия құрамына кірген Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, соның ішінде әр өңірде тендер шараларын өткізу ісіне бизнес қауымдастық тарапынан бақылауды күшейтеді",- деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қазақстанның ЕЭО пен ДСҰ мүше болуы аясында барлық мемлекеттік сатып алулар жүйесі, соның ішінде ұлттық компаниялардың сатып алу жүйелері айтарлықтай жаңартылып, бірізді қалыпқа келтірілуі керек екенін ерекше атады, деп қордың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ жүктеген маңызды тапсырмаларының бірі жергілікті үлесті арттыру арқылы отандық өндірушілерге қолдау көрсету болып табылады. Осы орайда Қор сатып алуларында қазақстандық өндірушілерді қолдаудың бірқатар табысты механизмдерін қарастырған. 2010 жылы тауар, жұмыс пен қызмет түрлеріндегі қазақстандық үлес 50 пайызды құраса, осы нақты шаралардың арқасында 2013 жылы ол 70 пайызға дейін жоғарылады. Бұл арада тек тауарлардың өзінде аталған мерзім ішіндегі жергілікті үлестің өсімі 24 пайызды көрсетті",-деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Сондай-ақ, осы меморандумда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері бірлескен жұмыс тобының құрамына енуі, Қордың сатып алулары жөніндегі нормативтік актілерді әзірлеу мен жетілдіруге, түскен шағымдарды қарау барысына қатысатыны қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны