02.06.2014, 20:20 2444

ҚР ҰҚП Президиум төрағасы қызылордалық кәсіпкерлермен кездесті

Кәсіпкерлердің шаруасын дөңгелету үшін түрлі кедергілер көп. Ретсіз тексеру, қағазбастылық секілді. Одан қалды шағын және орта кәсіпкерлер бизнес жоспар жасауға қиналады. Осы секілді кемшіліктерді жою мақсатында кәсіпкерлер палатасы құрылған, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan today. ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Сыр өңірінде болып, бірнеше кәсіпорындарды аралап, кәсіпкерлермен кездесті.

Кәсіпкерлердің шаруасын дөңгелету үшін түрлі кедергілер көп. Ретсіз тексеру, қағазбастылық секілді. Одан қалды шағын және орта кәсіпкерлер бизнес жоспар жасауға қиналады. Осы секілді кемшіліктерді жою мақсатында кәсіпкерлер палатасы құрылған, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

"Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалып жатыр. Бизнес жоспардың жоқтығынан сол мүмкіндікті көпшілігі пайдалана алмай келген. Енді бұл саланың бойына қан жүгіре бастағандай. Оған қоса, металлургиялық кластерді дамыту бағытында қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Бұл болашағымызға бағдар болмақ", - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Ирине, өндіріс өркендеу үшін инфрақұрылым болуы қажет. Бұл жағынан біздің өзгелерден шоқтығымыз биік. Жақын уақытта "Батыс Еруопа - Батыс Қытай" халықаралық дәліз, "Бейнеу - Жезқазған" теміржолы аяқталады. Иуежай халықаралық мәртебе алу үшін жолаушылар терминалы салынуда. Бүның барлығы өңірге инвестор тартуға мүмкіндік туғызбақ.

Бүгінде облыста 44 мыңнан астам кәсіпорындар бар. Өткен жылмен салыстырғанда 18,6 пайызға артқан. Жиын барысында кәсіпкерлер көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны