11.02.2015, 21:37 4123

ҚР Ұлттық банкі сыртқы нарықтарда ауытқулар болған жағдайда теӊге бағамы бір қалыпты өзгеретін болады - Қ.Келімбетов

ҚР Ұлттық банкі капиталдыӊ сыртқы нарықтарында ауытқу болған жағдайда теӊге бағамыныӊ бір қалыпты икемді өзгеруі шеӊберінде жұмыс жасайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов ҚР Президентініӊ қатысуымен өткен Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысынан кейінгі брифингте

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық банкі капиталдыӊ сыртқы нарықтарында ауытқу болған жағдайда теӊге бағамыныӊ бір қалыпты икемді өзгеруі шеӊберінде жұмыс жасайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов ҚР Президентініӊ қатысуымен өткен Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысынан кейінгі брифингте, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Егер де капиталдыӊ ішкі нарығында өзгерістер болса, біз теӊге бағамыныӊ құнсыздануына жол бермей, айырбастау бағамыныӊ бір қалыпты және икемді өзгеруі шеӊберінде жұмыс жасаймыз", - деді Қ.Келімбетов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Ол Ұлттық банктіӊ ұлттық валюта бағамын бірқалыпты түзетуді қолдауға қажетті "беріктік қоры" бар екенін баса айтты. Осылайша, ҚР ҰБ төрағасыныӊ мәліметінше, Ұлттық банк пен Ұлттық қордыӊ бірлескен алтын валюталық қорлары 100 млрд астам долларды құрайды, оныӊ 29,8 млрд доллары - Ұлттық банктіӊ қоры.

Сондай-ақ, Қ.Келімбетов экономиканы долларсыздандыру бойынша шаралар аясында банктік емес қаржы мекемелеріне талаптарды күшейту жоспарланғанын атап өтті.

"Жоспарға нормативтік-құқықтық база өзгертулері мен төлем туралы заӊ және валюталық реттеу бойынша толықтырулар енгізілетін болады", - деп түсіндірді ҚР ҰБ басшысы.

Оныӊ айтуынша, таяу арада Үкімет пен Ұлттық банк бірге долларсыздандыру бойынша шаралар жоспарын бекітеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны