18.05.2018, 13:47 8551

ҚР ұлттық экономика министрі Астана экономикалық форумыныӊ алғашқы күнін қорытындылады

Астана экономикалық форумына 111 елдіӊ өкілдері қатысты

Астана. 18 мамыр Kazakhstan Today - ҚР ұлттық экономика министрі Астана экономикалық форумыныӊ алғашқы күнін қорытындылады.

Ол өз сөзінде былай деді:"Бүгін өте маӊызды күн болды. Астана экономикалық форумы ресми түрде өз жұмысын бастады.

Статистикадан бастайын. Бізде 6 120 қатысушы бар, оныӊ 1 147-сі - шетелден. Олар 111 елден келіп отыр. 1000-ға жуық БАҚ өкілдері бар, оныӊ 120-сы шетелдік.

Жаһандық қатерлер саммитініӊ аса маӊызды іс-шарасы - ҚР Президенті қатысқан пленарлық сессия зор табыспен өткізілді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде 5 ірі қатерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Біріншіден, бұл цифрландыру. Мемлекет басшысы атап өткендей, 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік ЖІӨ-ге 15% деӊгейінде үлес қосады.

Екінші қатер - энергетикалық революция, әлемніӊ таза энергияға қарай қозғалысы. Соӊғы 30 жылда ЖЭК пайдалану 13 есе ұлғайды. Күн панельдерініӊ құны соӊғы 5 жылда 2 есе төмендеді.

Үшінші - ұзақ өмір сүру. Барлық әлемде соӊғы 70 жылда қол жеткізілуі тиіс 48 жастан 71 жасқа дейінгі өмір сүру ұзақтығы ұлғаюда. 2050 жылға қарай, 10 млрд. халықты қамтамасыз ету үшін бізге азық-түлікті 60%-ға арттыру қажет.

Төртінші қатер - урбанизация қарқыны. БҰҰ болжамы бойынша, 2050 жылға қарай, қала халқыныӊ үлесі 70%-ды құрайды. Аталған мәселеніӊ маӊыздылығын ескере келіп, Астана қаласыныӊ 20 жылдығы аясында біз Жібек Жолы бағыты бойынша ірі қалалар форумын ұйымдастырудамыз.

Бесінші қатер - бұл әлемдік еӊбек нарығыныӊ тенденциялары. Барлық жерде жүргізіліп жатқан автоматтандыру мен роботтандыру жұмыс орындарын босатуға алып келеді. Болашақта, жұмысшылардыӊ 80%-ы роботтармен ауыстырылады.

Бұдан басқа, біз аса қызықты іскер адамдардыӊ, саясаткерлердіӊ, ғалымдардыӊ пікірін естідік. Жасанды интеллекттіӊ адаммен салыстырғандағы мүмкіндіктері туралы өмірден алынған мысалдар келтірілді.

Митио Какудыӊ болашақтағы 100 және 30 жылға көзқарасы аса қызықты. Ол жанаспалы линзаныӊ Интернетке қосылуға болатын чиптері, ақылды ойыншықтар, адам қанындағы вирусты табатын және оларды жоятын микроимпланттар тәрізді құралдар туралы айтты. Бұрын бұлардыӊ бәрі қиял-ғажайып секілді көрінетін.

Стив Возняк компьютердіӊ пайда болуы және оныӊ адамныӊ досына айналу тарихы туралы әӊгімеледі.

Дзинь Лицюнь елдердіӊ байланыстылығын, табиғи, экономикалық және әлеуметтік экожүйені жақсарту, Белдеу және Жол бастамасы туралы баяндады.

Джим О'Нил АҚШ-пен бірге әлемдік ЖІӨ-ге 84% үлес қосқан Қытай экономикасы туралы айтты. Оныӊ айтуынша, Қытайда 260 млн. халық (Ұлыбританияға қарағанда, 4 есе көп) жылына 30 мыӊ АҚШ долл. жалақы табады".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны