31.05.2012, 14:21 7827

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекарашылық қызметі Алматы облысында 13 адамның қаза болу оқиғасын растады

Қаза болғандардың қатарында 12 шекарашы мен бір қорықшы бар.

Астана. 31-мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекарашылық қызметі Алматы облысында 13 адамның қаза болу оқиғасын растады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қаза болғандардың қатарында 12 шекарашы мен бір қорықшы бар.

"ҚР Ұлттық қауіпсіздік коммитетінде 2012 жылы 30 мамырда ҚР ҰҚК шекара қызметінің "Шығыс" өңірлік басқармасы Үшарал шекара отряды "Сары бөктер" заставасының наряды тауда жазғы уақытта 15 шекарашы қызмет атқаратын "Арқанкерген" шекара постының жанып кеткен ғимаратын көрген. Оқиға болған жерде шекара қызметінің директоры генерал мойор Н. Мырзалиевтің басқаруымен ҚР ІІМ және бас әскери прокуратурасы мамандары мен өкілдерінің қатысуымен жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта жанып кеткен 13 адамның, посттың жанында орналасқан аңшылық шаруашылығы қорықшысының денелері табылды. ҰҚК және ІІО, шекара қызметінің күшімен жедел іздестіру шаралары жүргізілуде", - деді арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында ҚР ҰҚК шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Тұрғанбек Сматбеков.

Ол сондай-ақ аталған оқиға бойынша жаңа мәліметтер келіп түскен жағдайда, тілшілерге хабарланатындығын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны