17.04.2014, 19:57 13668

ҚР Венадағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия деканымен кездесті

Қ.Сарыбай Қазақстан Академияның белсенділігін оң бағалайтынын хабарлап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет саласында ұлттық әлеуетті нығайту мәселелері бойынша ҚР-ның Академиямен ынтымақтасуға қызығушылығын білдірді.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдар жанындағы Венадағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай мен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия (Академия) деканы мен Академияның Қатысушылыр Ассамблеясының Атқарушы хатшысы Мартин Кройтнердың кездесуі өтті.

Сұхбат барысында Мартин Кройтнер Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияны халықаралық ұйым рентінде құру туралы келісімге Қазақстанның қосылуын қошаметтеп, ҚР-ның БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының ережелері мен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия қағидаларын іске асыруға шынайы берілгендігін жоғары бағалайтынын атап өтті, деп ҚР СІМ-нен хабарлады.

Өз кезегінде Қ.Сарыбай Қазақстан Академияның белсенділігін оң бағалайтынын хабарлап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет саласында ұлттық әлеуетті нығайту мәселелері бойынша ҚР-ның Академиямен ынтымақтасуға қызығушылығын білдірді. Отандық дипломат Қазақстан мен Академия арасындағы әрекеттесудің нақты бағыттары келер жылдарда анықталатынын хабарлап, сондай-ақ, Академия деканын 2014 жылғы 1-3 қазанда Қазақстанда өтетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволар халықаралық ассоциациясының 8-ші жыл сайынғы конференциясына қатысуға шақырды.

Тараптар ұлттық және халықаралық деңгейде сыбайлас жемқорлықпен күресу ісінде жемісті ынтымақтастыққа үміт білдіріп, Қазақстан кадрларын Академияда оқыту бойынша әрекеттесуді жалғастыруға келісті.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия (Академия) БҰҰ Есірткі мен қылмыс басқармасы, Алаяқтықпен күресу жөніндегі еуропалық бюро мен Австрия үкіметі бастамасымен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияны халықаралық ұйым рентінде құру туралы келісім негізінде 2010 жылы құрылған болатын. Академия бас пәтері Австриядағы Лаксенбург қаласында орналасқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны