18.02.2014, 19:33 5588

ҚР вице-премьері Б.Сағынтаев ЕЭК отырысына қатысу үшін Минскіге келді

18-19 ақпан аралығында өтетін ЕЭК кеңесінде Еуразия экономикалық одағы туралы келісім-шарт жобасымен жұмыстар жүргізу барысы туралы мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған үкімет делегациясы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысу үшін Минскіге келді.

18-19 ақпан аралығында өтетін ЕЭК кеңесінде Еуразия экономикалық одағы туралы келісім-шарт жобасымен жұмыстар жүргізу барысы туралы мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті одан әрі дамытудың басқа да өзекті мәселелері қаралатын болады. Атап айтқанда, комиссия мүшелері сауда саясаты, техникалық реттеу, өнеркәсіп және АӨК, табиғи монополиялар, көлік, коммуникациялар және басқа да мәселелерді талқылайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны