05.12.2013, 22:30 15110

ҚР Жер кодексіне 6 түзету енгізілмек

"Үкімет "Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеп, Мәжілістің қарауына енгізді", - делінген хабарламада.

Алматы. 05 желтоқсан. Kazakhstan today. ҚР ӨДМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Бауыржан Смағұловтың Астана қаласы және оның қала маңы аймақтарының жерлерін пайдалану мәселелері жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаудың қорытынды баяндаманы ұсынды, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

"Үкімет "Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеп, Мәжілістің қарауына енгізді", - делінген хабарламада.

Жер кодексіне 6 өзгерту енгізілмек: жер учаскелері мен жер пайдаланушылардың теріс пиғылды меншік иелерінің тізілімін жүргізу; жер учаскесін жалдау шартының талаптары орындалмаған жағдайда, әкімдіктің шартты бір жақты бұзу нормаларын енгізу; пайдаланылмаған немесе заңды бұза отырып, пайдаланылған жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюдың жаңа реті; шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін кезеңмен беруді енгізу; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының орындалмауын Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жатқызу; мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жетілдіруге бағытталған және оны жүргізуге технологиялық байланысты жұмыстардың тізімін ұлғайту.

Теріс пиғылды меншік иелері мен жер пайдаланушылардың тізілімін құру және оны жүргізу жер заңнамасын бұзған, осы тізілімге кірген адамдарға алдағы уақытта жер учаскелерін беруде шектеуді енгізу жолымен заң талаптары мен нормаларды бұзу деректерінің алдын алуға бағытталған, ол ықтимал заң бұзушылар үшін тиісті алғышарттарды жасайды. Аталған норма нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе заңды бұза отырып, пайдаланылған жер учаскелерін алып қою туралы, сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 3 жыл бойы аталған адамдарға жаңа жер учаскесін бермеуге мүмкіндік береді.

Аталған норма жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды жеңілдетудің маңызды механизмдерінің бірі болып табылады, ол жер заңнамасымен белгіленген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдарға жалдау шартын бір жақты тәртіппен бұзу мүмкіндігін береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін жалдау шартының үлгі нормасын енгізу белгіленеді.

Жалпы азаматтық заңнама шарттың талаптары бұзылған жағдайда, шартты орындаудан бір жақты бас тартуға мүмкіндік береді.

Мәжбүрлеп алып қоюдың жаңа тәртібі талап-арыз беру мерзімдері, жер учаскесін пайдалану үшін құқықтың күшіне ену сәтін есептеу мерзімдері, әкімшілік жазаға тарту шараларан қолдану бойынша талап-арыз беру рәсімін нақтылауды көздейді. Сондай-ақ, бұл түзету жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және Қазақстан Республикасы заңының бұзылуын болдырмау қажеттігі туралы жазбаша ескертулерді, мемлекеттік тіркеуге жататын заңды талапқа жатқызуды көздейді. Ол жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер заңнамасының талаптары мен нормаларын бұзған жағдайда, олардың ҚР заң нормаларын тиісті орындауларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа тәсіл жерді пайдаланудың бастапқы кезеңінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін тиімді әрі ұтымды пайдалана алатын жер пайдаланушылар мен жер учаскелерінің меншік иелерін анықтау мүмкіндігін береді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдаланған жағдайда, жерге құқық қатынасы субъектілеріне жер учаскелері ұзағырақ мерзімге беріледі. Бұл ретте, жаңа енгізілімді тек жаңа берілген жерлерге ғана қолдану ұсынылады.

Бұл нормамен мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қызметі және оны жүргізуге технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізіміне келесі жұмыс түрлері енгізіледі:- жерге түгендеу жүргізу;- мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу, оны қамтамасыз етуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді қосқанда; - жер-кадастрлық карталарды жүргізу және жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгілеу үшін топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу. Заң жобасын қарау барысында Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарында жер учаскелерін жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін беру нормаларының күшін жоюды және тұрғын үй мен басқада құрылыс үшін берілген жер учаскелерінің иелеріне қатысты жерлерді алып қою кезінде ескерту институтын алып тастауды көздейтін нормаларды болдырмау туралы шешімдер құпталмады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны