22.01.2008, 16:35 3236

ҚР жер ресурстарын басқару агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды

ҚР жер ресурстарын басқару агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды

Астана. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"-Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жаңа төрағасын ұжымға таныстырды, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Аталған ведомства төрағалық қызметіне Өмірзақ Өзбеков тағайындалды.

Өмірзақ Өзбеков 1947 жылы 10 қарашада Алматы облысының Бақанас аулында дүниеге келген. Алматы зооветеринарлық институтын ветеринар дәрігері мамандағы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1971 жылдан бастаған.

1991-1992 жылдары Алматы облыстық агроөнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары. 1992 жылдан Алматы облыстық әкімдігі басшысының орынбасары. 1994 жылдан Алматы облыстық әкімдігінің басшысы, одан кейін Алматы облысының әкімі. 1996 жылдан Талдықорған облыстық әкімдігінің басшысы.

1997 жылдан Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі. 2003 жылдан соңғы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Қырғызстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымын атқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны