07.12.2017, 21:54 6726

ҚР Жоғарғы Соты мен "Атамекен" "Жол картасын" қабылдады

7 желтоқсан күні Жоғарғы Сот мінберінде "Бизнестіӊ құқығы мен заӊды мүддесін сотта қорғаудыӊ тиімділігін арттыру" атты форум өтті.

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - 7 желтоқсан күні Жоғарғы Сот мінберінде "Бизнестіӊ құқығы мен заӊды мүддесін сотта қорғаудыӊ тиімділігін арттыру" атты форум өтті. Форумға Қазақстан Республикасыныӊ Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәми, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев қатысты.

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев кәсіпкерлердіӊ құқығын қорғауда Ұлттық палата мен мемлекеттік органдар арасындағы байланыс жақсы орнағанын атап өтті. "Атамекен" бастамасымен, мемлекеттік органдардыӊ қолдауымен заӊнамалар оӊтайландырылып, бизнес-қоғамдастық ұсыныстары ескеріліп, Жаӊа салық кодексі, Кеден кодексі, экологиялық кодексі өзгертілді. Икімшілік құқық бұзу кодексіне де өзгертулер енгізілді.

"Осы жұмыстыӊ барлығы елімізде кәсіпкерлікті жүргізуді жақсартуға бағытталған. Ата Заӊда көрсетілген құқықтар жүзеге асуда. Осы ретте Жоғарғы Сот, судья рөлі ерекше. Сот жүйесі Елбасымен тапсырылған меодернизация бағдарламасындағы басымдыққа ие бағыт", - деді Тимур Құлыбаев.

Төралқа Төрағасы атап өткендей сот жүйесі де трансформацияланып жатыр, жақсы өзгерістер бар.

"Сотқа бару кәсіпкер үшін қашан да күйзеліс тудырады. Оныӊ ісі бойынша тез шешім қабылданса, барлық тарапқа жақсы. Ұлттық палата сот жүйесініӊ тиімді жұмыс істеуін қалайды. Сот жүйесі барынша ашық әрі түсінікті болуы керек. Біздіӊ Жоғарғы Сот жұмысына араласуға хақымыз жоқ, алайда бірлесіп жұмыс істеуімізге болады. Кәсіпкерлердіӊ құқықтық мәдениетін қайтсек те жақсартамыз. Осы бағытта бірлескен жұмысымыз тиімді болмақ", - деді Тимур Құлыбаев.

"Атамекен" басшысы әр салада цифрлау үдерісі жүріп жатқанын айтты. Осы үдерісті сот жүйесіне енгізуді ұсынды. Қазір ауданаралық экономикалық соттар жұмыс жүргізіп жатыр.

"Бүгінде 700 бап бар, баптарда нормативті-құқықтық актілерге сілтемелер көп. Мәселен, Ресей мен Белорусьта мұндай баптар екі есе аз. Біз құқық қорғау, салық органы, Үкімет пікірін есепке алып, саралығымыз келеді. Бүгінде Кеден кодексі Сенаттыӊ қарауында жатыр. "Атамекенніӊ" ұстанымы - қызмет көрсетуді автоматтандыру. 2018 жылы барлық қызмет түрлерін цифрлауға жұмсалуы керек. Осылай адами фактор, сыбайлас жемқорлық пайызын азайтуды көздеп отырмыз", - деді Тимур Құлыбаев.

Форумда "Атамекен" басшысы Ұлттық палата жанынан жұмыс істейтін арбитраж қызметіне назар аударды. Сонымен қатар 1 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрлігі жанынан Апелляциялық комиссия жұмыс істеп жатқанын айтты. "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ ұстанымы - шенеуніктердіӊ жауапкершілігін арттыру.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны