28.10.2011, 13:24 4449

ҚР Жоғарғы соты педофилдердің үстінен қозғалған қылмыстық істер жөніндегі статистиканы жариялады

"Жыл басынан бері республика соттарына педофилиямен байланысты 87 іс келіп түсті. Нәтижесінде 36 қылмыскер жазасын алды", - деді бүгін Жоғарғы соттың ресми өкілі Оксана Петерс журналистермен болған брифингте.

Астана. 28-қазан. Kazakhstan Today - ҚР Жоғарғы соты педофилдердің үстінен қозғалған қылмыстық істер жөніндегі статистиканы жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі BNews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Жыл басынан бері республика соттарына педофилиямен байланысты 87 іс келіп түсті. Нәтижесінде 36 қылмыскер жазасын алды", - деді бүгін Жоғарғы соттың ресми өкілі Оксана Петерс журналистермен болған брифингте.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, педофилиямен байланысты істердің бірі елордамызда орын алды. Қылмыстық іспен байланысты материалдар бойынша, 19 жастағы Виталий Ш. атты азамат жыл басында Астанаға жұмыс іздеп келіп, туыстарының үйіне тоқтайды. Біршама уақыт жұмыс іздеп, таппаған ол ақырында өзінің ағасының 8 жасар баласын бағуға келіседі. Ал ақпан айында ол ағасы мен жеңгесінің үйінде жоқтығын пайдаланып, 8 жасар баланы зорлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Сот барысында келтірілген сараптама материалдары жәбірленушінің денсаулығына нұқсан келгендігін растайды. Сот сонымен қатар қылмыскердің 8 жасар баланың көмек сұрай алмайтындығын және оған қарсы жасалып жатқан әрекеттің мән-мағынасын түсінбейтіндігін пайдаланғандығын атап өтті. Осы оқиға бойынша жүргізілген сот үдерісі барысында дәлелдер зерттеліп, куәгерлер мен сотталушының дәйектері сарапталып, Виталий Ш. нәпсіқұмарлық сипатта күш қолданды деген айыппен 15 жылға бас бостандығынан айырылды", -деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны