12.06.2008, 17:42 2815

ҚР Жоғарғы соты "Шаңырақ" ықшамауданында полиция қызметкерін өлтіруге айыпты деп танылғандарға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды (толық нұсқасы)

ҚР Жоғарғы соты "Шаңырақ" ықшамауданында полиция қызметкерін өлтіруге айыпты деп танылғандарға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды (толық нұсқасы)

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы Алматының маңындағы "Шаңырақ" ықшамауданында болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полиция қызметкерін өлтіруге айыпты деп танылғандарға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының ресми өкілі Константин Харламов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Полиция қызметкерін өлтіруге айыпты деп танылғандарға қатысты шығарылған үкімді Жоғарғы соттың алқасы өзгеріссіз қалдырды ", - деді К. Харламов.

Ол бүгін Алматының маңындағы "Шаңырақ" ықшамауданында 2006 жылдың 13-14 шілдесінде болған жаппай тәртіпсіздіктер жөніндегі іс бойынша сотталғандар, олардың қорғаушылары, жәбірленушілердің туыстарының апелляциялық шағымы, сондай-ақ, Алматы прокурорының апелляциялық қарсылығы бойынша ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасында қаралғанын еске салды.

"Алқаның қаулысымен Алматы қалалық сотының айыптау үкімінен 19 сотталғанға қатысты қолданылған ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы алынды, онда сот шешімін орындауға кедергі келтіргені үшін жауапкершілік жүктеу қарастырылған", -деді ол. Оның айтуынша, мұндай шешімге негіз болған жайт осы іс бойынша жауапкершілікке тартылған барлық 24 тұлғаның екеуі ғана осы қылмыстың субьектісі екендігі болмақ.

"ҚР Жоғарғы сотының алқасы азамат Азанбаевты ақтау үкімін өзгеріссіз қалдырды, ал алқаның өзі тікелей Алматы қалалық сотының үкімімен сотталған Намангеновқа қатысты істі оған тағылған айыптардың дәлелдері жеткіліксіз болуға байланысты тоқтатты", - деді К. Харламов.

Ол сондай-ақ, Алматы прокурорының апелляциялық қарсылығы бойынша бұрындары ауыр қылмысы үшін сотталған Отарбаевты шартты соттау үкімінің күші жойылды деп хабарлады. "Оған себеп, Алматы қалалық соты жүктеген жазаға оның осының алдындағы үкім бойынша жүктеген және өтелмеген жазасы тағы қосылды", - деді Жоғарғы сот өкілі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматының маңындағы "Шаңырақ" ықшамауданында 2006 жылдың 13-14 шілдесінде жалпы 1,5-2 мың адам қатысқан жаппай тәртіпсіздіктер жөніндегі іс бойынша ІІМ органдары қылмыстық жауапкершілікке барлығы 24 адамды татқан. 2007 жылдың 5 қазанында Алматы қалалық соты қылмыстық істі қарап бітіріп, үкім шығарды.

Бұл іс бойынша "Шаңырақта" полиция қызметкерлеріне күш көрсетуге, арнаулы техниканы өртеп құрту және сөйтіп, заңсыз салынған үйлерді бұзу туралы сот шешімін орындауға кедергі келтіруге ұласқан жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға 20 астам адам айыпты деп танылды. Осы оқиғаның ең белсенді төрт қатысушысы полиция қызметкерін кепілдікке алғаны және оны тірідей өртеу арқылы асқан қаталдықпен өлтіргені үшін сотталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны