10.06.2009, 18:03 2816

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы президентке республика соттарының V съезіне даярлық барысы туралы баяндап берді

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы президентке республика соттарының V съезіне даярлық барысы туралы баяндап берді

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы президентке республика соттарының V съезіне даярлық барысы туралы баяндап берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Илімбековті қабылдады.

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы президентті ағымдағы жылғы қарашада өтетін республика соттарының V съезіне даярлық барысы туралы хабардар етті. Форумда соңғы төрт жыл ішіндегі соттар қызметтерінің қорытындысын шығару және сот жүйесіндегі жүргізіліп отырған қайта құрулардың одан әрі бағыттарын айқындау жоспарланған.

М.Илімбеков мемлекет басшысына республикадағы әділ соттылықты жүзеге асырудың жай-күйі, соттардың кәсіби даярлық деңгейі мен жауапкершілігін арттыру, соттың ашықтығын қамтамасыз ету, сот шешімдерін атқарудың жоғары сапасына қол жеткізу шаралары туралы баяндады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны