21.02.2014, 19:51 6003

ҚР-да 2014 жылға сатып алынған өнімнің 40%-ы Бірыңғай дистрибьютор қоймасында жатыр - Ш.Ахмет

Айта кету керек БД елдің 1 мыңдай медициналық ұйымын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Соның ішінде республиканың кез келген жеріне жылдың қай мезгілінде болсын дер кезіндегі тасымалдайтын мүмкіндікке ие.

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда 2014 жылға сатып алынған өнімнің 40%-ы Бірыңғай дистрибьютор қоймасында жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы пациенттердің құқын қорғау қоғамдық кеңесі отырысында "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Шолпан Ахмет мәлімдеді.

"Елімізде қалыптасқан жағдай бірыңғай қолданыстағы дистрибуция жүйесінің артықшылығын байқатты. Бірнеше жылдан бері атқарылған жұмыстар мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде қауіпсіздік пен дәрінің жетіспеушілігіндегі кемшіліктердің алдын алды", - дейді Ш.Ахмет.

Оның айтуынша, бірыңғай дистрибьютор медициналық бағыттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмек тасымалына келісім түзді.

"Қазақстанда 2014 жылға сатып алынған өнімнің 40%-ы Бірыңғай дистрибьютер қоймасында жатыр. Өз қаражаты есебінен БД дәрі-дәрмекпен қаматамасыз етуде қауіптің деңгейін айтарлықтай төмендететін әлеуметтік маңыщзы бар ауру түрлерін емдеу үшін дәрі-дәрмектің стратегиялық қорын қалыптастырады", - дейді басқарма төрағасы.

Айта кету керек БД елдің 1 мыңдай медициналық ұйымын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Соның ішінде республиканың кез келген жеріне жылдың қай мезгілінде болсын дер кезіндегі тасымалдайтын мүмкіндікке ие.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны