10.02.2014, 19:24 3750

ҚР-да 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақының көлемі 25%-ға өседі - Т.Дүйсенова

Т.Дүйсенованың хабарлауынша, Қазақстанда осы жұмыстардың аясында жұмыс істеп жатқан медициналық-әлеуметтік мекемелердің жұмыс істеуінің баламалы формасы құрылды. Осының арқасында оларда 3 мың емделушіге арналған 42 күндізгі бөлім ашылды.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда Елбасының тапсырмасы аясында 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақының көлемі 25%-ға көтеріледі. Бұл туралы ҚР ЕХИҚМ алқа отырысында ведомство басшысы Тамара Дүйсенова хабарлады.

"Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау жаңа деңгейге көтерілуде. Елбасының тапсырмасы аясында 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақының көлемі 25%-ға көтеріледі. Бүгінде мүгедектердің құқығын қорғау және олардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында "Нұр Отан" партиясымен бірлесе жоба бойынша бірқатар іс-шаралар белгіленді. Оған "кедергісіз орта" қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру, осы санаттағы адамдарға қолдау көрсету үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, кембағал жандарға оң көзбен қарау үрдісін қалыптастыру үшін ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу кіргізілген", - деді Т.Дүйсенова.

Оның айтуынша, жарымжан жандарды сауықтыру барысында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің маңызы зор.

"Аталмыш жүйені қалыптастыру барысында 2009 жылы кепілдендірілген әлеуметтік қызмет түрлері бекітіліп, жеке қажеттілікті анықтайтын механизм мен әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсынатын стандарттар берілді", - деп ЕХИҚМ басшысы өз ойын толықтырды.

Т.Дүйсенованың хабарлауынша, Қазақстанда осы жұмыстардың аясында жұмыс істеп жатқан медициналық-әлеуметтік мекемелердің жұмыс істеуінің баламалы формасы құрылды. Осының арқасында оларда 3 мың емделушіге арналған 42 күндізгі бөлім ашылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны