03.02.2014, 21:12 2532

ҚР-да 2015 жылға қарай онкологиялық диспансерлерде хоспис орталықтары ашылады

2015 жылға қарай онкологиялық диспансерлер базасында паллиативтік көмек көрсететін 10-15 төсек-орын ашу жоспарланып отыр. Оған қоса, мұндай медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін үйдегі стационарлар жүйесі дамытылуда.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде республикада онкологиялық диспансерлерде хоспис орталықтары ашылады.

Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлағандай, бүгінгі таңда Қазақстанда мұндай көмек көрсететін 8 түрлі ұйым жұмыс істейді: 1 дербес паллиативтік көмек орталығы, 3 хоспис, 4 мейіргерлік күтім ауруханасы, сондай-ақ, көпбейінді және арнаулы ауруханалардағы бейінді бөлімшелер.

2015 жылға қарай онкологиялық диспансерлер базасында паллиативтік көмек көрсететін 10-15 төсек-орын ашу жоспарланып отыр. Оған қоса, мұндай медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін үйдегі стационарлар жүйесі дамытылуда.

Қазір республика бойынша емханаларда екінші және үшінші мейіргер, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар лауазымдары енгізілуде. Олар күтім көрсету сапасын арттыру, қызмет көрсететін учаскеде халықпен жұмыс істеу мақсатында ұйымдастырылды.

Паллиативтік көмекті әрі қарай дамыту шеңберінде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, мұндай көмек көрсететін мультидисциплинарлық топтар және ұтқыр бригадалар құрылуда. Төсек-орындар желісі кеңейтілуде. Мамандарды арнайы оқыту қолға алынды. Паллиативтік көмек көрсетуді реттейтін нормативтік база жасақталды. Клиникалық хаттамалар дайындалды.

Айта кетейік, паллиативтік көмек тегін медициналық көмсектің кепілдік берілген көлеміне кіреді және бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Және ол профилактикалық, диагностикалық және тиімділігі дәлелденген емдеу қызметтерін қамитиды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны