01.06.2015, 13:07 3679

ҚР-да 2015 жылы ет пен ет өнімдерініӊ экспорты 2,5 есеге өсті

Қазақстанда 2015 жылдыӊ 3 айы ішінде 2014 жылмен салыстырғанда ет пен ет өнімдерініӊ экспорты 2,5 есеге өсті, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ОКҚ брифингінде

Астана. 01 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2015 жылдыӊ 3 айы ішінде 2014 жылмен салыстырғанда ет пен ет өнімдерініӊ экспорты 2,5 есеге өсті, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бізде өткен жылдан бастап сүт және ет саласыныӊ экспортыныӊ көрсеткіші жақсарды. Сиыр еті 2014 жылы 6 есеге өсті, 615 тоннас экспортталды, 2013 жылы экспорт болмады деп айтуға болады. Импорттыӊ төмендеуі 42,3 пайызда болды. Бұл көрсеткіш осы жылы да сақталды. Егер 2013 жылы 24 мыӊ тонна экспортталса, 2014 жылы ол көрсеткіш 16,8 мыӊ тоннаны құрады. 2015 жылдыӊ 3 айыныӊ ішінде ет және ет өнімдерініӊ экспорты 2014 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өсті. Шикізат пен сауда экспорты 4 және 6 есеге көбейді", - деді А.Мамытбеков, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, мал шаруашылығы, мемлекеттік қолдау шараларын ұйлғайту жұмыстары оӊ нәтиже береді.

"Бұл көрсеткіш сақталады деп сенеміз. Оған мал шаруашылығы, мемлекеттік қолдауды ұлғайту шаралары әсер етеді. Біз өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы арасында болған тепе-теӊдікті алдық. Бұл егін шаруашылығына оӊ әсер етеді", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны