30.01.2014, 18:54 1869

ҚР-да 2015 жылы Назарбаев Университеті базасында медициналық мектеп ашу жоспарлануда - А. Кеннет

ҚР-да 2015 жылы Назарбаев Университетінің базасында медициналық мектеп ашылады. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ғалым-микробиолог, "Ұлттық медицина холдингі" АҚ басқарма төрағасы Алибек Кеннет мәлімдеді.

Алматы. 30 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР-да 2015 жылы Назарбаев Университетінің базасында медициналық мектеп ашылады. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ғалым-микробиолог, "Ұлттық медицина холдингі" АҚ басқарма төрағасы Алибек Кеннет мәлімдеді.

"Сіздер медициналық холдинг базасында онкологиялық орталықты ашу жоспарын білесіздер. Бүгінгі таңда ми қатерлі ісігінің бөлімі құрылды, жалпы онкология, балаларға арналған онкохирургия кабинеттері құрылып жатыр. Орталық аясында болашақта технологияларды құрып, бүгін жұмысты бастап жатырмыз", - деді А. Кеннет.

Кеннет атап өткендей, холдинг инновациялық орталыққа айналуы тиіс. Ол Қазақстандағы жаңа технологиялардың трансфертін дайындауға атсалысуы керек.

"Сондай-ақ, холдинг алдында Назарбаев Университетінің базасында медициналық мектеп ашу жоспары тұр. Ол әрине, әлемдік стандартқа сай болуы тиіс. Білім беру толығыменн ағылшын тілінде жүреді. Жақсы элементтерді Қазақстан бойынша насихаттаймыз", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны