24.01.2014, 20:15 4338

ҚР-да 2020 жылға қарай жоғарғы деңгейдегі халықаралық талаптарға сай келетін құқық қорғау жүйесі құрылады - А.Шпекбаев

ҚР-да 2020 жылға қарай жоғарғы деңгейдегі халықаралық талаптарға сай келетін құқық қорғау жүйесі құрылады - А.Шпекбаев

Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР-да 2020 жылға қарай жоғарғы деңгейдегі халықаралық талаптарға сай келетін құқық қорғау жүйесі құрылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Президенті Икімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев.

"Бүгінде біздің алдымызға 2020 жылға қарай жоғарғы деңгейдегі халықаралық талаптарға сай келетін құқық қорғау жүйесін құру тапсырмасы қойылып отыр. Бұл мақсат құқық қорғау саласындағы барлық өзгерістерді қамтитын бастама болады", - деді А.Шпекбаев.

Брифингте ол аталмыш бағыттағы жұмыстардың бірнешеуіне тоқтала кетті.

"Қылмыстық-құқықтық салада заңнаманы нығайту жолымен алдағы уақытта даму үшін тұтастай маңызды өзгерістер орын алатын болады. Мысалға, жаңа Қылмыстық-процессуалды кодекстің қабылдануы Қазақстанда азаматтардың жекелеген құқықтарын қорғаудың тиімді жолын қалыптастыруға мүмкіндік беретін қылмыстық сот өндірісінің замануи талаптарын енгізуге бастама болмақ. Сот алдындағы кезеңдердегі қылмыстық процесстерде азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқын шектейтін процессуалды мәжбүрлеу шаралары сот бақылауында болатын болады", - деді А.Шпекбаев.

Сонымен қатар, тергеудің жеделдетірілген формасы мен қысқартылған сот алды өндірісі жеңіл қылмыстық іс бойынша қылмысты іздестірудің қымбат процедурасынан тартқызады.

"Бұл өте маңызды, аталмыш кезеңде көбіне конституциялық құқық бұзылады және заңнамалық мүдде аяққа тапталады", - дейді А.Шпекбаев.

ҚР Президенті Икімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің айтуынша, Парламентте жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу және әкімшілік құқық бұзу кодекстері қарауда жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны