19.02.2014, 19:37 6979

ҚР-да 20 сурдологиялық кабинет ашылады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлағандай, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде есту қабілеті бұзылуын ерте диагностикалау, сондай-ақ медициналық сүйемелдеу және медициналық оңалтуды өткізу үшін осы санаттағы науқастарға барлық қажетті іс-шараларды атқаруда.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. Жұмыс жасап жүрген 32 кабинетті мамандармен және қажетті қондырғылармен жабдықтандыру, 23 жаңа сурдологиялық кабинет ашу, аудиологиялық скрининг өткізу үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек пен босану ұйымдарын жабдықтандыру жоспарлануда.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлағандай, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде есту қабілеті бұзылуын ерте диагностикалау, сондай-ақ медициналық сүйемелдеу және медициналық оңалтуды өткізу үшін осы санаттағы науқастарға барлық қажетті іс-шараларды атқаруда.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бағытында нақты жұмыстар жасап жатыр.

3-ші және 4-ші дәрежедегі екі жақты құлақ мүкістігі, екі жақты саңыраулық, сондай-ақ аудиторлық нейропатия сияқты есту қабілетінің бұзылуы балалар және ересектерге кохлеарлық имплант операциясын жасауға негіз болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанда 923 сәбиге осындай операция жасалды. 2014 жылы кохлеарлық импланттаудың 90 операция жасау жоспарланып отыр.

Балаларды кохлеарлық импланттаудан кейін медициналық оңалту шаралары сөйлеу процессорларын қосу және оларды икемдеумен бірге жүргізіледі. Мұндай іс-шаралар балаларға операция жасалған клиникаларда өткізіледі.Сонымен қатар, Алматыдағы №5 қалалық клиникалық ауруханасында және Астанадағы Республикалық балаларды оңалту орталығында кохлеарлық имплант орнатылған науқастар үшін оңалту бөлімшелері ашылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны