17.04.2014, 19:43 3126

"Жасыл" экономика мәселелері бойынша 20-дан астам заңнамалық актіге толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі - Н.Қаппаров

"Жасыл" экономика мәселелері бойынша 20-дан астам заңнамалық актіге толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі. Бұл туралы бүгін " "Жасыл" экономикаға көшу үшін ҚР-ның заңнамасын жетілдіру" тақырыбымен өткен дөңгелек үстелде ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan today. "Жасыл" экономика мәселелері бойынша 20-дан астам заңнамалық актіге толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі. Бұл туралы бүгін " "Жасыл" экономикаға көшу үшін ҚР-ның заңнамасын жетілдіру" тақырыбымен өткен дөңгелек үстелде ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

"Заң жобасында қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, ауа сапасын жақсарту, су мен биологиялық ресурстарды өндіру және пайдалану мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған. Жалпы, барлығы 20-дан астам заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі деп күтілуде", - деді министр.

Сонымен қатар, ҚР ҚОСРМ басшысы ""Жасыл" экономикаға көшу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулармен өзгертулер енгізу туралы" заңжобасы Тұжырымдамасының негізгі мақсатын атап өтті.

"Біріншіден, ресурстарды (су, жер, биологиялық және т.б.) пайдалану тиімділігін арттыру және оларды басқару болып табылады. Бұл дегеніңіз жаңа ресурстарды үнемдеу технологиясына негізделе отырып қолданыстағы инфрақұрылымдарды жаңарту және олардың жаңаларының құрылысын жүргізу, халықтың әлауқатын және қоршаған орта сапасын оған түсетін қысымды жеңілдететін рентабельді тәсілдер арқылы арттыру және халықтың әлауқатын арттыру, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, оның ішінде су қауіпсіздігін арттыру", - деп Н. Қаппаров негізгі мақсаттарды атап өтті.

Ведомство басшысы осы мақсаттарға жету үшін ""Жасыл" экономикаға көшу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулармен өзгертулер енгізу туралы" заңжобасы жасақталып жатыр, деп атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны