06.02.2014, 22:21 8282

ҚР-да әскери патриоттық тәрбие орталықтары құрылады - ҚМ

Қазақстанда әскери патриоттық тәрбие орталықтарын ашу қажет, деп Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов 25750 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне Жолдауды талқылау барысында мәлімдеді.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда әскери патриоттық тәрбие орталықтарын ашу қажет, деп Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов 25750 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне Жолдауды талқылау барысында мәлімдеді.

"Искери бөлімнің басшы құрамымен кездескен топ жетекшісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов жастарды жаңа қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелері бойынша әңгіме өрбітті. Осы мақсатта әскери патриоттық тәрбие орталықтарын ашып, патриоттық тәрбие беруді жандандыра түсу керектігін айтты", - деп Қорғаныс министрлігінде хабарлады.

М. Таласов атап өткендей, "Қазақстан -2050" стратегиясы -барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы.

Өз кезегінде, 25750 әскери бөлімінің командирі полковник Нұржан Мұқанов жеке құрам Жоғарғы Бас қолбасшының барлық тапсырмаларын орындауға дайын екенін жеткізді.

"Сардарлар мен сарбаздар 2050 стратегиясын толық қолдайды және "Мәңгілік ел" идеясының жүзеге асуы үшін бар күшін салады, - деді Нұржан Мұқанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны