14.06.2016, 17:23 5603

ҚР-да әуежайлар мен вокзалдарды заманауи тексеру жүйелерімен жабдықтау бойынша бірыӊғай техникалық талаптар бекітіледі

Иуежайларды, авто- және теміржол вокзалдарын заманауи тексеру жүйелерімен жабдықтау бойынша бірыӊғай техникалық талаптар бекіту бойынша шаралар қабылдау қажет, деп мәлімдеді бүгін ҚР Үкіметініӊ отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов

Астана. 14 маусым. Kazakhstan Today - Иуежайларды, авто- және теміржол вокзалдарын заманауи тексеру жүйелерімен жабдықтау бойынша бірыӊғай техникалық талаптар бекіту бойынша шаралар қабылдау қажет, деп мәлімдеді бүгін ҚР Үкіметініӊ отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Инвестициялар және даму министрлігіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігімен, "Самұрық-Қазына" қорымен бірге әуежайларды, авто- және теміржол вокзалдарын заманауи тексеру жүйелерімен жабдықтау бойынша бірыӊғай техникалық талаптар бекіту бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын", - деді К.Мәсімов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Қорғаныс министрлігіне ҰҚК, ІІМ және Қаржы министрлігімен бірге "бір аптада үлкен жүк көтергіш әскери-көліктік ұшақтарды сатып алу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуді" тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны