21.01.2014, 20:19 4613

ҚР-да геологиялық барлауға инвестиция тарту үшін заңнамалық жағдай жасау керек - С.Дьяченко

"Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту шаралары аясында жеке меншік институтын нығайтудың заңнамалық шешімі дайындалып, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін ішкі құқықтық нормалар алынып тасталады", - деді С. Дьяченко.

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР-да геологиялық барлауға инвестиция тарту үшін заңнамалық жағдай жасау керек, дейді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде "Нұр Отан" фракциясы жетекшісінің орынбасары Сергей Дьяченко.

"Жолдауда Мемлекет басшысы нақты бірнеше бағыттар бойынша заңнамалық базаны жетілдірудің шараларын көрсетті. Осыған орай индустрияландырудың басым бағыттарының бірі Қазақстанның геологиялық барлау саласында әлемдік нарыққа шығу, шет елдік және инжинирингтік компаниялар үшін инвестиция тартудағы заңнамалық жағдай жасау керек", - деді С. Дьяченко.

Оның айтуынша, қазақстандық экономика деңгейін көтеру үшін венчурлы қаржыландырудың, интеллектуалды меншіктің, инновацияны қолдау мен ғылыми жұмыстарды коммерцияландырудың заңнамалық тетіктерін жетілдіру керек.

"Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту шаралары аясында жеке меншік институтын нығайтудың заңнамалық шешімі дайындалып, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін ішкі құқықтық нормалар алынып тасталады", - деді С. Дьяченко.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны