22.01.2014, 19:23 3535

ҚР-да халықаралық коңырау шалуға тарификация бірлігі 1 секундқа дейін төмендеді

"Халықаралық қоңырау шалу бірлігінің өлшемі 10 секундтан 1 секундқадейін төмендеуі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылған. Бұл шара Қазақстан Республикасы байланыс қызметінің барлық тұтынушыларына барлық бағыттар бойынша секундты тарификацияға толығымен көшуіне мүмкіндік береді. Абоненттердің шығындары 10-17 %-ға үнемделеді деп болжалануда", - делінген хабарламада.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда 2014 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап халықаралық коңырау шалуға тарификация бірлігі 1 секундқа дейін төмендеді, деп Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Халықаралық қоңырау шалу бірлігінің өлшемі 10 секундтан 1 секундқа дейін төмендеуі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылған. Бұл шара Қазақстан Республикасы байланыс қызметінің барлық тұтынушыларына барлық бағыттар бойынша секундты тарификацияға толығымен көшуіне мүмкіндік береді. Абоненттердің шығындары 10-17 %-ға үнемделеді деп болжалануда", - делінген хабарламада.

2012 жылдың 1-ші шілдесінен бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің бастамасымен қалалық (ауылдық) телефоннан халықаралық және ұялы байланыс операторларының абоненттеріне қоңырау шалу бірлігінің өлшемі 10 секундтан 1 секундқа дейін төмендегенін еске салған жөн. Қалалық (ауылдық) және ұялы телефоннан жақын және алыс шет елдерінің "ұялы" байланыс операторларының абоненттеріне қоңырау шалу бірлігі 30 секундтан 10 секундқа дейін қысқартылды.

Естеріңізге салсақ, тарификация бірлігінің алғашқы төмендеуі 2011 жылы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылған болатын. Ол кезде ұялы байланыс абоненттері үшін желі ішінде және басқа желіге қоңырау шалу тарификациясының бірлігі 1 секунд мөлшерінде бекітілді. Сонымен бірге, ұялы телефоннан басқа операторлар абоненттеріне шалынған қоңырауды қосу үшін бекітілген төлемақы алынып тасталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны