04.02.2014, 19:33 3200

ҚР-да медициналық қызметкерлерге біліктілік санаттарын беруге талап күшейтіледі

ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарына арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасында денсаулық сақтау саласы мамандарының білімі мен дағдыларын тәуелсіз бағалауды енгізу міндеті айқындалған.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда медициналық қызметкерлерге біліктілік санаттарын беруге талап күшейтіліп, тәуелсіз бағалау жүйесі енгізіледі.

ҚР ДСМ-де хабарлағандай, медициналық қызметкерлердің білімі мен тәжірибелік дағды деңгейін бағалауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Білім мен дағдыны тәуелсіз бағалау республикалық орталығы мамандарын қатыстыра отырып, өңірлердегі медициналық колледждер мен жоғары оқу орындары базасындағы симуляциялық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асыратын болады.

ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарына арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасында денсаулық сақтау саласы мамандарының білімі мен дағдыларын тәуелсіз бағалауды енгізу міндеті айқындалған.

Осы міндетті орындау мақсатында біліктілік санаттарын беру жүйесі қайта қаралуда және медицина қызметкерлерінің тәжірибелік дағдыларын тәуелсіз бағалауға ерекше назар аударылуда. Бұл біліктілік деңгейінің кәсіптік дамуына, шынайы бағалануына және халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Бұл шаралар денсаулық сақтау саласындағы менеджментті жақсартуға, сондай-ақ медицина қызметкерлерін даярлау деңгейін оқыту, аттестаттау және клиникалық дағдыны халықаралық стандарттарына сәйкес келуіне жақындатуға септігін тигізуі тиіс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны