09.04.2014, 19:39 4899

ҚР-да мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыруды жетілдіруге арналған онкүндік өтуде

Қазақстанда ектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыруды жетілдіруге арналған "Дұрыс тамақтану - үздік білім арқауы!" онкүндігі өтуде.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстанда ектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыруды жетілдіруге арналған "Дұрыс тамақтану - үздік білім арқауы!" онкүндігі өтуде.

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, тұрақты профилактикалық тексерулерден өту - аурулардың алдан алудың негізі екенін атап көрсетілді.

Жолдауда айтылған Елбасы тапсырмаларын орындау мақсатында және "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының (СӨСҚПҰО) қолдауымен республикада 2014 жылы 1-10 сәуір аралығында "Дұрыс тамақтану - үздік білім арқауы!" ұранымен мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде онкүндік өткізілуде.

Шара мақсаты дұрыс тамақтану туралы ақпараттандыруды арттыру арқылы мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және нығайту, білім беру мекемелерінде оқушылар үшін сапалы тамақ дайындауға жағдай жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.

Тамақтану - бала ағзасының өсуі мен дамуы үшін маңызды фактор. Дұрыс тамақтануды ұстану бала кезден қалыптасады.

Онкүндік шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде жергілікті атқарушы органдар, Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі агенттік, білім және ғылым мамандарының, СӨС қызметі, БАҚ мамандарының қатысуымен азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін, мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуді бақылау мәселесі бойынша дөңгелек үстелдер мен баспасөз мәжілістеріне семинарлар өткізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны