05.02.2014, 21:17 8924

ҚР-да мемлекет пен ҮЕҰ қатынасының жаңа әдісін енгізу керек - Б.Сұлтанов

Сол себепті, вице-премьердің айтуынша, "үкіметтік емес сектормен, мемлекеттік орган мен бизнестің, мемлекет пен мемлекеттік органдардың ішкі құралдарының жаңартылған үлгісі қажет."

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда мемлекет пен үкіметтік емес сектордың өзара қатынасынының жетілген әдістемелерін енгізу керек. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі қызметкерлерінің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

"Агенттік пен бәсекелестікті қорғау үлесінің алдына қойылған міндеттемелер Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын шешуге тікелей бағытталған. Тауар нарығына бірдей жағдай қамтамасыз ету, оның дамуына кесірін тигізіп отырған кедергілерді анықтау күн тәртібіндегі басты міндеттемелердің бірі және қазіргі интеграциялық процестерде өте маңызды", - деді Б.Сұлтанов.

Сол себепті, вице-премьердің айтуынша, "үкіметтік емес сектормен, мемлекеттік орган мен бизнестің, мемлекет пен мемлекеттік органдардың ішкі құралдарының жаңартылған үлгісі қажет."

"Осыған орай осы саладағы заңнама мен тауар нарығындағы бәсекелестікті қорау жүйесін бұдан ары жетілдіру жұмыстарын жалғастыра түсу керек. Сонымен қатар, мемлекеттің негізсіз қатысуын барынша минимум дәрежесіне түсіру керек", - деді Премьер-Министр орынбасары.

Оның айтуынша, ведомство тарапынан жүргізілген сараптама экономиканың бірқатар секторларында бәсекелестің дамуының әлі де болса әлсіз екенін көрсетеді. Осы жерде тек агенттік емес, барлық мемлекеттік органдар жұмысына да сын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны