04.02.2014, 19:53 3248

ҚР-да Назарбаев Университетінің қамқорлығымен болашақ энергиясын жасау бойынша орталық құрылады

Оның айтуынша, институтты Энергетикалық зерттеулер орталығының жанынан құру жаспарланған. Орталық Назарбаев универститетінің жанынан ашылған. Ғылыми орталықтың материалдық-техникалық базасы, кадрлық құрылымы мен әлемде мойындалған ғалымдарды тарту мехенизмі жетілген.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. Елбасының халықа Жолдауын жүзеге асыру үшін ҚР-да Назарбаев университетінің қамқорлығымен болашақ энергиясын жасау үшін орталық құрылады. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров хабарлады.

"Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын жүзеге асыру үшін Жалпы ұлттық жоспарда Назарбаев университетінің қамқорлығымен болашақ энергиясын іздеу мен жасау мақсатында зерттеу және халықаралық озық тәжірибелерді енгізу орталығын құру қарастырылған. Қазақстанға осындай институт қажет. Жалпы ол еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тәуекелдерді төмендетуге және энергетика саласының ұзақмерзімді даму болашағын айқындауға мүмкіндік береді", - деді Н. Каппаров.

Оның айтуынша, институтты Энергетикалық зерттеулер орталығының жанынан құру жаспарланған. Орталық Назарбаев универститетінің жанынан ашылған. Ғылыми орталықтың материалдық-техникалық базасы, кадрлық құрылымы мен әлемде мойындалған ғалымдарды тарту мехенизмі жетілген.

Айта кетерлік жайт, ҚР ҚОСРМ жаңа институтты сала бойынша бейімдеуді екі тәсілмен жүзеге асыруы мүмкін.

"Алғашқысы термоядролық синтезге сүйене отырып жаңа энегрияның түрлерін анықтау. Екінші тәсіл - қолданыста бар энергия көздері күн, жел және олардың басқа түрлерін дамыту жолдарын іздеу, сонымен қатар, генерация, электр энергияны сақтау, тасымалдау технологиялырын жетілдіру болып табылады",- деп Н. Қаппаров атап өтті.

Осыған байланысты ведомство басшысының айтуынша, қызығушылық танытқан ұйымдарды тарту арқылы ведомствоаралық жұмыс тобын құрып, туындаған сұрақтарды талқылау, ұйымдардың жұмыс жоспарын жасақтау, қаржыландыру және институттың құрылымын анықтау көзделуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны