14.04.2014, 19:04 1793

ҚР-да өңірлердегі ең үздік медициналық ұйым анықталды

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы "денсаулық сақтаудың даму деңгейі" бойынша өңірлердегі медициналық ұйым жұмыстарын бағалады. "Үздіктердің үздігі" қағидасына сәйкес, "ең таңдаулы" деген медициналық ұйымдар анықталды.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы "денсаулық сақтаудың даму деңгейі" бойынша өңірлердегі медициналық ұйым жұмыстарын бағалады. "Үздіктердің үздігі" қағидасына сәйкес, "ең таңдаулы" деген медициналық ұйымдар анықталды.

Медициналық ұйымдар бекітілген параметрлерге сәйкес бағаланды, деп Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады.

Балл қосындысы бойынша ересектерге арналған қалалық көпбейінді стационарлар ішіндегі алғашқы орынды Ақтөбе қаласындағы Қарғалы қалалық ауруханасы алды.

ШҚО Жарма ауданының №2 медициналық бірлестігі бұл тізімдегі соңғы орынға жайғасты. Областық ауруханалар арасында ересектерге арналған бірде-бір мекеме I,II,III орынға қажетті межелік баллды жинай алмады.

Сондықтан тізім бірден IV орыннан, Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық ұйымнан басталып тұр.

Осындай жағдай балаларға арналған қалалық және облыстық көпбейінді стационарлар арасында да байқалады. Бірде-бір медициналық мекеме алғашқы үштікке сәйкес келмеді.

Облыстық және қалалық перзентханалар ішіндегі ең үздік көрсеткішке БҚО перзентханалар қол жеткізді. Облыс еншісінде алғашқы орындар.

Орталық жұмыскерлері медициналық мекемелерді бағалаумен бірге, денсаулық сақтаудың даму индексі бойынша өңірлерді саралау жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, медициналық ұйымдарды бағалау жұмыстарын орталық қызметкерлері әр жарты жыл сайын жүргізіп отырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны