08.04.2014, 20:07 3506

ҚР-да Шымкент-Ташкент трассасы қалпына келтіріледі

Азия даму банкі қаржыландыратын Шымкент-Ташкент жол учаскісі төрт жолақты қозғалысқа арналған цемент-бетонды болады. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жол орталарына кедергілер орнатылып, қарсы бағытқа өтуге мүмкіндік берілмейтіндей етіп жасалады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan today. ҚР-да Шымкент-Ташкент трассасы қалпына келтіріледі. Жол жөндеу бойынша байқау ұйымдастырылып, құрылыс жұмыстарын қолға алатын компаниялар анықталды.

"Жол жөндеу бойынша байқау ұйымдастырылып, құрылыс жұмыстарын қолға алатын компаниялар анықталды. Қазірден бастап олар жұмысқа кірісуде. Құрылыс жұмыстарымен бірнеше кезең арқылы жасалып, 2016 жылы толықтай аяқталмақ", - дейді "ҚазАвтоЖол" РМК оңтүстік қазақстандық бөлімшесінің атқарушы директоры Нұрлан Қасымбаев.

Азия даму банкі қаржыландыратын Шымкент-Ташкент жол учаскісі төрт жолақты қозғалысқа арналған цемент-бетонды болады. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жол орталарына кедергілер орнатылып, қарсы бағытқа өтуге мүмкіндік берілмейтіндей етіп жасалады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Сонымен қатар, учаскіде транспорттық жолайрықтар мен 5 жол өткелі салынады.

Аталмыш учаскінің жиегіне Бадам жаңа қалалық демалыс орны салынады, аталмыш орын таяу арада ашылады деп жоспарлануда.

Айта кету керек, Шымкент-Ташкент тасжолына қазірде 40 жылдай болған. Бұл жол "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" көлік дәлізінің бір бөлігі екені белгілі.

Хабарламада айтылғандай, жақында Шымкенттің айналма жолының құрылысы аяқталады деп күтілуде. Және де Кентау мен Түркістанға бағытталған тас жолдың жөндеу жұмыстары аяқталмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны