25.12.2013, 21:30 3768

ҚР-да техникалық байқау саласындағы өзгерістер жөніндегі заң жобасы мақұлданды -ККМ

"Айталық, жаңадан енгізілген өзгерістер қатарында жаңа жеңіл мәшинелердің техникалық байқаудан өткізілу мерзімі 1 жылға ұлғайтылған. Былайша айтқанда, осы заң жобасы күшіне ену сәтінен бастап 4 жылға дейін міндетті техникалық байқаудан өту талап етілмейді", - делінген хабарламада.

Алматы. 25 желтоқсан. Kazakhstan today. ҚР Парламентінің Мәжілісі ҚР "Жол қозғалысы туралы" Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы көлік құралдарын техникалық байқауын ұйымдастыру және өткізуге байланысты бірқатар жаңа талаптарын қамтыған, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Айталық, жаңадан енгізілген өзгерістер қатарында жаңа жеңіл мәшинелердің техникалық байқаудан өткізілу мерзімі 1 жылға ұлғайтылған. Былайша айтқанда, осы заң жобасы күшіне ену сәтінен бастап 4 жылға дейін міндетті техникалық байқаудан өту талап етілмейді", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, техникалық байқаудан өткені жөніндегі қағаз куәліктерінің орнынаэлектрондық бақылауға көшу қарастырылған. Икімшілік полициясының инспекторлары мәшиненің техникалық байқаудан өткендігін тексеру үшін өзінің дерек базасына өтінім жолдау немесе кезекші бөлімшеге байланыс жасауы жеткілікті. Бұл шара жалған куәліктер жасауды болдырмау үшін қажет. Айталық, "қанатқақты режимде" өткізілген тексеріс барысында әкімшілік полициясы органдары техникалық байқаудан өтпегендіктің 4000-нан астам фактілері анықталған.

Сонымен қатар, автокөлік иелеріне қолайлы болу үшін "eisto.kz" сайты арқылы көлік құралының техникалық байқаудан өткендігі жөніндегі деректер базасындағы ақпараттың бар екендігін тексеру мүмкіндігі жасалған.

Бұдан тыс, осы заң жобасы арқылы техникалық байқау құнын анықтаудың бірыңғай әдістемелігі бекітіледі., яғни сол арқылы оны негізсіз көтеруге жол бермейді.

Құжатта сонымен бірге техникалық байқау орталықтарының техникалық байқау барысында көлік құралының анықталмаған ақауларының салдарынан болған жол-көлік оқиғалары үшін жауапкершілігін енгізу шаралары да қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны