14.05.2013, 13:19 4086

ҚР-да тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй құрылысы кезінде бөлінген қаражаттың 66% игерілген

Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік қаражат есебінен тұрғын үй құрылысы мен жүзеге асыруға 11 өңірге 2,3 млрд теңге аударылған, оның 1,5 млрд теңгесі немесе 66% игерілген, деп хабарлады бүгін ҚР өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин Үкімет отырысында.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - ҚР-да тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй құрылысы кезінде бөлінген қаражаттың 66% игерілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік қаражат есебінен тұрғын үй құрылысы мен жүзеге асыруға 11 өңірге 2,3 млрд теңге аударылған, оның 1,5 млрд теңгесі немесе 66% игерілген, деп хабарлады бүгін ҚР өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин Үкімет отырысында.

"Қаржыландыру кестесіне сәйкес 11 өңірге - 2,3 млрд теңге аударылған, 1,5 млрд теңге немесе 66% игерілген. Олардың ішінде үш өңірде бір де бір теңге игерілмеген, олар - Атырау, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары", - деді С.Нокин.

Сонымен қатар, ол бірқатар өңірлердегі игерудің төмен деңгейі конкурстық рәсімдерді жүргізумен және орындылған жұмыстардың актілерін ұсынбаумен байланысты екенін атап өтті. Икімдіктердің мәліметінше, мамырда қаражатты игеру жағдайы тұрақталады.

Сонымен қатар, екі айдан соң - бірінші жартыжылдықтың қортындысы бойынша игерілмеген өңірлерден қаражатты ол игерілетін өңірлерге қайта бөлу мәселесі қарастырылады.

Жалпы алғанда, несиелік тұрғын үйді қарастырылған енгізу 2013 жылы 451,5 мың шаршы метрді құрайды. Төрт айда - 65 мың шаршы метр немесе 1 008 пәтер салынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны