25.02.2013, 17:26 3283

ҚР-да тұтынушылардың 2 млрд теңге шығыны өтелген

Бұл туралы бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Анатолий Шкарупа тұтынушылардың құқығын қорғауға арналған дөңгелек үстел барысында мәлім етті.

Астана. 25-ақпан. Kazakhstan Today - 2012 жылы Қазақстанда өтемдік тариф енгізу шеңберінде тұтынушыларға шамамен 2 млрд теңге қайтарылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Анатолий Шкарупа тұтынушылардың құқығын қорғауға арналған дөңгелек үстел барысында мәлім етті.

"2012 жылы тұтынушыларға жасалған шығындарды өтеу мақсатында Агенттік уақытша өтемдік тарифтерді 192 субъектіге енгізді. Тұтынушыларға өтелген жалпы сома 2 млрд теңгені құрады", - деді А.Шкарупа.

Сонымен қатар, сыртқы ауа температурасының өзгеруіне байланысты қайта есептеу нәтижесінде 2011-2012 жылдардағы жылу беру маусымына халыққа қайтарылған қаражат 907 млн теңгеден асты.

Жалпы алғанда заңнаманы сақтау және тұтынушы құқықтарының бұзылуын болдырмауды бақылау шеңберінде 471 тексеру жүргізіліп, заңнама бұзылуын жою туралы 744 нұсқама енгізілген.

Онымен қоса, әкімшілік заң бұзушылық істері бойынша 382 қаулы шығарылып, 376 соттың істі қараушылығына қатыстырылған. Айыппұл шаралары түрінде 205 млн-нан астам теңге өндіріп алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны