09.06.2016, 15:01 3838

ҚР-да үлескерлердіӊ қаражатын қорғау және кепілдік берудіӊ жаӊа тетіктері әзірленді - Р.Скляр

Қазақстанда үлескерлердіӊ қаражатын тартумен тұрғын үйлер құрылысы өзекті мәселе болып қалуда, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика вице-министрі Роман Скляр "Нұрлы жол" мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын орындау аясында тұрғын инфрақұрылымын нығайту бойынша арендалық тұрғын үй құрылысыныӊ барысы мен шаралары" туралы дөӊгелек үстел барысында

Астана. 9 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда үлескерлердіӊ қаражатын тартумен тұрғын үйлер құрылысы өзекті мәселе болып қалуда, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика вице-министрі Роман Скляр "Нұрлы жол" мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын орындау аясында тұрғын инфрақұрылымын нығайту бойынша арендалық тұрғын үй құрылысыныӊ барысы мен шаралары" туралы дөӊгелек үстел барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Тұрғын үй құрылысындағы проблемалық мәселелердіӊ бірі үлескерлерді тарту болып табылады. Бүгінгі таӊда қолданылып жүрген "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заӊ өкінішке қарай кейбір құрылыс мәселелерініӊ бәрін қамти алмайды. Заӊ құрылыс салушы мен үлескердіӊ инвестициялау келісімі, алдын ала келісім және тағы сол сияқты мәселелердіӊ түйінін шеше бермейді кейбір жағдайларда. Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстанныӊ әлеуметтік жаӊғыруы: Жалпы еӊбек қоғамына қарай 20 қадам" атты мақаласындағы тапсырмаларды орындауда ҚР ҰЭМ тұрғын үй құрылысында үлестік қатысу туралы және ілеспе заӊ жобасын дайындады", - деді Р.Скляр, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ол бұл заӊға осы жылдыӊ сәуір айында қол қойылғанын, қазан айында күшіне енетінін айтты. Заӊ жобасы үлескерлердіӊ тұрғын үй құрылысына салған қаржыларына кепілдік беруді және қорғау тетіктерін қарастырады. Яғни, үлестік салым кепілдігі, екінші деӊгейлі банктіӊ қаржыландыру жобасы және тұрғын үй ғимаратыныӊ қаӊқасын құрылыс салушыныӊ өз қаражатымен тұрғызуын қамтамасыз етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны