16.07.2013, 11:13 3185

ҚР-да жылу беру маусымына 50% астам қазандық әзірленген

Бүгінгі таңда Қазақстанда алдағы жылу беру маусымына 1650 қазандық әзірленген, бұл олардың жалпы санының шамамен 51% құрайды, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында өңірлік даму вице - министрі Серік Нокин.

Астана. 16-шілде. Kazakhstan Today - ҚР-да жылу беру маусымына 50% астам қазандық әзірленген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда алдағы жылу беру маусымына 1650 қазандық әзірленген, бұл олардың жалпы санының шамамен 51% құрайды, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында өңірлік даму вице - министрі Серік Нокин.

"Барлығы республика бойынша 100 Гкал/сағ дейін қуаттағы 6 304 қазандық бар. Икімдіктер бекіткен жоспарларда 3 234 қазандықты немесе 51% жөндеу қарастырылған. Негізінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған, ол жалпы жұмыс көлемінің 90% құрайды. Ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейінгі жағдай бойынша 1650 қазандық немесе 51% әзірленген",- деді С.Нокин.

Жоспарға сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 15 қазанға қарай барлық нысандарды дайындауды аяқтап, 100 Гкал/сағ дейін қуаттылығы бар жылу көздері отынның нормативтік қорымен қамтамасыз етуі тиіс.

Вице-министр Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы қалған өңірлермен салыстырғанда жұмыс қарқынының төмендігін, 18%-дан аз екендігін атап өтті.

Оған қоса, С.Нокин барлық қазандықтар жыл сайынғы ағымдағы жөндеуді талап ететіндігін, сондықтан әкімдіктер оны жөндеу жұмыстары жоспарына қосу қажеттігін басып айтты.

Жылу желілерін дайындауға қатысты бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 3,6 мың км болатын жылу жолының 2,2 мың км әзірленген.

Аталған секторда өткен жылмен салыстырғанда жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемдерінің өсуі байқалған.

Өз кезегінде электр желілерін дайындау бойынша өткен маусыммен салыстырғанда 0,4 кВт дейінгі электр желілері бойынша жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемі 7,3 мың шақырымға артып, 30 645 км құрады. Олардың 13 791 км немесе 45% дайын.

Сонымен бірге, сумен жабдықтау және су бұрудың 3,5 мың шақырымынан 1,3 мың км немесе 37% әзірленген

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны