08.01.2014, 18:57 2779

ҚР-да жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесінің теңіздегі жергілікті дифференциалды бекеті құрылды

Қазақстан Республикасының жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесінің жер үсті инфрақұрылымының (ЖДСН ЖИ) бірінші нысаны Ақтаудағы айлақта іске қосылды, деп ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің ресми порталы хабарлады.

Алматы. 8 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесінің жер үсті инфрақұрылымының (ЖДСН ЖИ) бірінші нысаны Ақтаудағы айлақта іске қосылды, деп ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің ресми порталы хабарлады.

"ТЖДС-ні пайдалануға рұқсат беретін қабылдау актісіне құрамында "ҚҒС" ҰК" АҚ мамандары, жобалаушылары және бас мердігерлері, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері, Қазақстан Искери-теңіз күштері мамандары бар комиссия мүшелері қол қойды", - делінген хабарлады.

ТЖДС ұсынатын ақпарат теңіздегі навигация саласында, гидрографиялық, ғылыми-іздестіру және Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы басқа да жұмыстарда қолданылатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны