20.03.2013, 14:10 3566

ҚР-да жүк тасымалын лицензиялау жүзеге асырылатын болады

Темір жол көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында депутаттар жүк тасымалын лицензиялау туралы мәселені алға қойды, деп хабарлады бүгін көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

Астана. 20-наурыз. Kazakhstan Today - ҚР-да жүк тасымалын лицензиялау жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Темір жол көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында депутаттар жүк тасымалын лицензиялау туралы мәселені алға қойды, деп хабарлады бүгін көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында депутаттар жүк тасымалдауды лицензиялауды енгізу мәселесін алға қойды. Аталған ұсынысты үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия мақұлдады", - деді Жұмағалиев, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңжобасын таныстыру барысында.

Ол аталған саланың қазіргі жағдайы ескірген активтермен және нарықтық реалийлерден қалып қойған құрылыммен сипатталатынын айтты.

"Бұл мәселені шешу үшін темір жол саласының жаңа мақсаттық моделін құру ұсынылды. Саланың мақсатты моделін

қалыптастыру инфрақұрылым операторын құру және тасымалдау қызметін айқындау арқылы ҚТЖ ҰК акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыруды көздейді. Бұл жүк тасымалдау нарығында бәсекелестікті дамытуға жағдай жасайды", - деп түсіндірді ККМ басшысы.

Сонымен қатар, Жұмағалиев заңжобасы арқылы вокзал иелеріне мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жабдықтау бойынша міндет жүктелетінін хабарлады.

"Жолаушы тасымалдау қызметімен қалыптасқан жағдайды ескере отырып, билетті алып сатумен айналысатын тұлғаларды жауапкершілікке тартуды күшейту бойынша шаралар қарастырылған. Сонымен қатар, заң деңгейінде билет сатуды ұйымдастыруды реттеу регламенттелген, оларды сатудың балама тәсілдері дамытылатын болады", - деп қортындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны