29.04.2008, 18:29 3103

Криминалдық полиция Астанадағы "Нұрсая" тұрғын үй кешеніндегі депутаттар тұратын үйде болған кісі өлімін әшкереледі (толықтырылған нұсқасы)

Криминалдық полиция Астанадағы "Нұрсая" тұрғын үй кешеніндегі депутаттар тұратын үйде болған кісі өлімін әшкереледі (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Криминалдық полиция Астанадағы "Нұрсая" тұрғын үй кешеніндегі депутаттар тұратын үйде болған кісі өлімін әшкереледі. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Астана қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанат Битенов хабарлады.

Оның айтуынша, адам өлтірген Олжас Саберлинов. "Олжас Саберлинов кісі өлтірді деп айыпталуда және оның кінәсі дәлелденді. Өлімнің жай-жапсары кейінірек хабарланатын болады", - деді Ж. Битенов.

Астана қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасы кейінірек таратқан баспасөз баянында хабарланғандай, 20 сәуір күні Жарақат және ортопедия ҒЗИ қабылдау бөлімінде "Нұрсая" тұрғын үй кешенінен жеткізілген 1988 жылы туған жас жігіт есін жимастан жан тапсырған.

"Астана қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аталмыш қылмысқа күдікті ретінде 1978 жылы туған Астана қаласында тұратын азамат Саберлинов Олжас Наурызбайұын анықтап, оған халықаралық іздеу жарияланды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

"Саберлиновтың тұтқындалуы уақыт еншісінде. Ал күдіктінің өзі болса, өз еркімен айыбын мойындап келуі оның кінәсін жеңілдететін жағдай болатынын және сотта оқылатынын ескеруі керек", - деп атап көрсетілген баспасөз баянында .

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны