30.06.2008, 10:01 3260

ҚР-ның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы Орта Азия өңірінің проблемаларын шешуге ықпал ететін болады - Назарбаев

ҚР-ның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы Орта Азия өңірінің проблемаларын шешуге ықпал ететін болады - Назарбаев

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы Орта Азия өңірінің проблемаларын шешуге ықпал ететін болады. Жексенбі күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясының 17-сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы жайында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"ЕҚЫҰ төрағалығына сайлана отырып, Қазақстан тең құқылы диалог, жағымды тәжірибе алмасу, тиімді шешімдер іздестіру түрі ретінде ұйымның нығаюын өз мақсаты етіп қойды", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

"Біз өсіп келе жатқан қауіп-қатерлердің қасында ЕҚЫҰ-ның қуатты ұйымға айналғанын қолдаймыз", - деп толықтырды ол.

Сондай-ақ, Қазақстан ұйымның барлық мүшелерінің мүдделеріне сәйкес ЕҚЫҰ қызметін өзгертуді қолдайды. Бұл ретте Н. Назарбаев мемлекеттің алдағы төрағалықты ұйымға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылдарына жаңа дем беру мүмкіндігі ретінде қарастырып отырғанын атап өтті.

"Біз мәдениет аралық, конфессияаралық диалогқа, Еуропадағы жаңа бөлініс сызықтарын бір сарынға түсіру бойынша күш-жігерге, Еуроатлантикалық және Еуразиялық аймақ елдерін біріктіретін факторларды іздеуге, ұйымның жауапкершілігіне ықпал ете отырып, қауіпсіздіктің маңызды проблемаларына назар аудармақ ниеттеміз", - деп мәлімдеді Қазақстан президенті.

"Біз нәсілшілдікпен, төзбеушілікпен, кемсітушілікпен күрес бойынша ЕҚЫҰ-ның күш-жігеріне қолдан келгенше көмектесіп отыратын боламыз. Біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуі Орта Азия өңірінің проблемаларын шешуге, Еуропамен ынтымақтастықтың белсенділігінің айтарлықтай артуына және Ауғанстандағы проблеманы бірлесе шешуге жәрдемдеседі деп есептеп отырмыз", - деп сөзін түйіндеді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны