11.07.2014, 20:33 3103

ҚР-ның Еуроодақпен жаңа Келісім бойынша келіссөздері биылғы жылдың күзінде аяқталуы мүмкін

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа Келісім жобасы жөніндегі келіссөздер 2014 жылдың күзінде аяқталуы мүмкін, деп хабарлады primeminister.kz.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа Келісім жобасы жөніндегі келіссөздер 2014 жылдың күзінде аяқталуы мүмкін, деп хабарлады primeminister.kz.

"Кездесулер барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа Келісім жобасы жөніндегі келіссөздердің жетінші раундының қорытындылары талқыланды. Министр келіссөз жүргізуші топтардың арасындағы өзара түсіністіктің арқасында өткен раунд ең нәтижелі болғанын қанағатпен атап өтті - іс жүзінде құжаттың барлық ережелері келісілді. Бұл келіссөз үдерісін үстіміздегі жылдың күзіне қарай аяқтауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Министрлікте хабарлағандай, 10 шілдеде Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Басшысы Аурелия Бушез, Германияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Гидо Херц және Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісінің орынбасары Харри Путкермен кездесулер өткізді.

Министр ЕО елдерімен визалық режимді жеңілдету мәселесінің еліміз үшін ерекше маңызды болып табылатынына ерекше көңіл аударды. 2014 ж. 15 маусымда Қазақстан біржақты түрде еліміздің экономикасының ең үлкен инвесторлары болып табылатын он елдің азаматтарына бір жылдық мерзімге визасыз режим енгізгені мәлім.

Кездесулерде ағымдағы жылы ГФР-мен реадмиссия туралы Келісімнің ратификациясын аяқтауды және Бенилюкс елдерімен дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім және реадмиссия туралы келісімге қол қоюға дайындық жоспарлары туралы аталып өтілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны