23.07.2014, 19:20 3429

ҚТҚ басқару бойынша бірыңғай орталықтың міндетін "Жасыл даму" АҚ-ға беру жоспарлануда - ҚОСРМ

"ҚТҚ басқару бойынша бірыңғай орталықтың міндетін "Жасыл даму" АҚ беру жоспарлануда. Осылайша біз оларға осы бағыттағы жұмысты біркелкі үйлестіру мүмкіндігін береміз. Бұдан басқа, ТҚҚ жобаларын жүзеге асыру және қолдау бойынша берілетін гранттарды бөлу мүмкіндігін беруде жоспарлануда"", - деді ҚР ҚОСРМ қалдықтарды басқару департаменті директорының міндетін атқарушы Айдар Махамбет.

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі "Жасыл даму" АҚ тұрмыстық қатты қалдықтарды (ҚТҚ) басқару бойынша бірыңғай орталықтың міндетін беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы "Қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру" тақырыбында өткен семинар-тренингте ҚР ҚОСРМ қалдықтарды басқару департаменті директорының міндетін атқарушы Айдар Махамбет мәлім етті.

"ҚТҚ басқару бойынша бірыңғай орталықтың міндетін "Жасыл даму" АҚ беру жоспарлануда. Осылайша біз оларға осы бағыттағы жұмысты біркелкі үйлестіру мүмкіндігін береміз. Бұдан басқа, ТҚҚ жобаларын жүзеге асыру және қолдау бойынша берілетін гранттарды бөлу мүмкіндігін беруде жоспарлануда"", - деді ҚР ҚОСРМ қалдықтарды басқару департаменті директорының міндетін атқарушы Айдар Махамбет.

Оның айтуынша, кәсіпорындар үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу саласы тартымды емес. "Бұл салада тарифтерді бекіту бойынша нақты проблемалар бар. Қоқысты тасымалдау немесе арнайы полигондарға шығаруды айтпағанда халық көбіне төлем жасамайды", - деп есептейді ол.

"Осы ретте оларға тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша технологияларды ұсыну арқылы халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруы керек", - деп атап өтті А.Махамбет.

Сонымен, "Жасыл Дамуды" үйлестіру аясында тарифті бекіту көзделуде. "Егер, біз осы салаға инвесторларды тартқымыз келсе және жаңа әдістер туралы айтатын болсақ, онда біздің тарифтеріміз өте төмен екенін ашық айтқан жөн. Тарифтер деңгейінде аймақтар арасындағы алшақтық 90 мен 350 теңге аралығында", - деп ол толықтырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны