29.05.2012, 15:11 3211

КТК операторын қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды

Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі сол оператор көз жұмған күні қамауға алынған.

Астана. 29-мамыр. Kazakhstan Today - КТК операторын қағып өлтірген жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Изірбек мәлім етті.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жол талғамайтын көліктің жүргізушісі сол оператор көз жұмған күні қамауға алынған.

"Қазір ол жігіт уақытша ұстау изоляторында отыр. Сараптау жұмыстары жүргізілуде", - деді С.Изірбек.

Еске салайық, "Рейдер" бағдарламасының операторы Асхат Сисеновті ол жол көлік оқиғасын түсіруі кезінде 20 мамыр күні жоғарыда айтылған жігіт автомобилімен қағып кеткен болатын. Ол кейін жан сақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды. Ол 26 мамыр күні жерленді. Асхаттың артында анасы мен апасы қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны