11.05.2007, 09:41 1463

КТК телеарнасының қызметкері іс жүргізу нормаларын бұза отырып тұтқындалды

АЛМАТЫ. 11-мамыр. "Коммерциялық теле арна" АҚ қызметкері Виталий Пискуновты полиция қызметкерлері іс жүргізу нормаларын бұза отырып тұтқындаған және қазіргі уақытта ол Алматы қалалық ішкі істер департаментінде отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Белгілі болғандай, кеше кешке арнайы шұғыл әрекет отрядының қызметкерлері телекомпанияның офис-менеджерін үйінен алып кеткен. Ол қазіргі уақытқа дейін қамауда отыр. Оған адвокаттарды да, дәрігерлерді де жібермеген. Ол аса ауыр соққыға жығылған деген ақпарат бар.

Телекомпания басшылары Ішкі істер министріне В. Пискуновқа жедел арада адвокаттарды және медицина қызметкерлерін жіберуді сұрап, өтініш жолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны