05.10.2011, 14:58 4346

ҚТЖ президенті елбасына инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы хабарлады

А. Мамин Президентке "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның ағымдағы қызметі жайлы және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы хабарлады.

Астана. 5-қазан. Kazakhstan Today - ҚТЖ президенті елбасына инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның президенті Асқар Маминді қабылдаған.

А. Мамин Президентке "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның ағымдағы қызметі жайлы және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы хабарлады.

"Мен Мемлекет басшысына компанияның 9 айдағы қызметінің қорытындылары туралы баяндадым. Барлық жоспар артығымен орындалуда. Негізгі өндірістік көрсеткіштер асыра орындалуда. Биылғы жылы компанияның таза пайдасы 90 млрд. теңге мөлшерінде болады деп күтілуде. Бірқатар ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына қарай Қытайға шығуға мүмкіндік беретін "Жетіген-Қорғас" темір жолының құрылысы аяқталады, Түрікменстанмен шекарадағы Өзен темір жолы учаскесінің құрылысы аяқталды. Биылғы жылы желтоқсанда жолаушылар вагондары өндірісі жөніндегі зауыттың құрылысы аяқталады, ол Қазақстанның барлық аумағы бойынша жылдамдығы жоғары жолаушылар қозғалысы бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік туғызады. Маршруттық және учаскелік жылдамдықтар екі есеге арттырылатын болады. 2008-2011 жылдар аралығында компания темір жол машина жасау көлемін 10 есе арттырды, яғни 10-нан 100 млрд. жеткізді. Биылғы жылы компаниядағы қазақстандық қамту 83 пайызды құрайды. Компания корпоративтік басқару бойынша ұлттық компаниялар арасында бірқатар ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда көшбасшы болып табылады. Президенттің Жолдауы аясындағы тапсырмасына сәйкес, "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы бойынша үшінші пойыз іске қосылды", - деді А. Мамин журналистерге арналған брифингіде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны